Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!

Сіздерді Атырау қаласы Білім бөлімінің білім беру порталында көріп отырғаныма қуаныштымын. Біздің порталымыз – атыраулық білім саласының қол жетімділігін, ашықтығын қамтамасыз ететін, өзекті және шынайы ақпараттардың көзі болып табылады. Бүгінгі күні портал мазмұны жағынан өзгерген. Біз сүйікті қаламыздың және барша Қазақстанның гүлденуі үшін сіздермен тиімді қарым-қатынасқа дайынбыз!

Білім бөлімі ұжым мамандары заманауи талаптарға сай әрқашан шексіз жаңашылдыққа, ең бастысы өскелең ұрпақты оқыту, тәлім-тәрбие беруді дамыту үстінде.
Сайтта орналастырылған құнды ақпараттар білім беру мәселелері бойынша қажетті ақпаратты іздеуде уақыттарыңызды үнемдеуге көмектеседі деген үміттемін.
Сіздерге шығармашылық табыс, игі еңбектеріңізге жеміс тілеймін!

Білім бөлімінің басшысы                                    С.Аманшиева