Атырау қаласының мектепке дейінгі мекемелеріне топтау

                                    Хабарландыру

                              Құрметті ата-аналар!

 

        "Атырау қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі Сіздерге төмендегіні хабарлайды.

        2015 жылдың мамыр айының екінші жартысында қала аумағындағы мектепке дейінгі білім мен тәрбие беру ұйымдарына  жолдама беру жұмыстары басталады.

        Жолдама беру тиісті стандартқа сәйкес тіркелген кезектілік бойынша жүргізіледі.

Биыл 2012 жылы арыз берген ата-аналардың кезектілігі және 2013 жылдың  қаңтар, ақпан, наурыз айларында берген арыздар бос орынның болуына қарай қаралады.

        Жолдама алу құқығына жеңілдіктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгіленген санаттағы тұлғаларға таралады.

        Олар:

        1) жартылай жетім (әкесі қайтқан немесе шешесі қайтқан) және тұлдыр жетім балалар;

        2) ата-анасының немесе заңды өкілінің қамқорлығына мұқтаж балалар;

        3) І, ІІ және ІІІ-топтағы мүгедектердің балалары;

        4) көп балалы отбасылардың балалары;

        5) әскери қызметкерлердің балалары;

        6) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілген тұлғалардың отбасындағы балалар.

Жеңілдетілген санаты бойынша құжаттар 15 маусымға дейін құрылған жұмыс тобының қарастыруымен қабылданып, жинақтау шеңберінде қаралады. 15 маусымнан кейін түскен құжаттар 2016 жылы кезекті жинақтау жұмыс тобында қарастырылады.

Қосымша ақпараттар үшін келесі байланыс телефондарына хабарласуға болады: 8 (7122) 321232, 354847.