«Оқушылардың кәсіби бейімделуін психологиялық қолдау»

2015 жылдың 20 ақпанында «Мультиспейс Астана» коворкинг орталығының конференц-залында Білім басқармасының бастамасымен тұлғаның дамуы және психологиялық кеңес беру «Сократ» орталығымен бірлескен«Оқушылардың кәсіби бейімделуін психологиялық қолдау» тақырыбында білім мекемелері педагогтары мен психологтарына арналған қалалық семинар өтті. Ұйымдастырылған шараға барлығы 77 мектеп психологтары мен педагогтары қатысты.
Семинар жеткіншектердіңөзін-өзі кәсіби анықтауын қалыптастыруға ықпал ететін әр тұлғаның жекедара ерекшеліктеріне сәйкес оқушылардың кәсіби бейімделуі жүйесімен педагог-психологтарды таныстыру мақсатын көздеді.
Өткізіліп отырған шараға Астана қаласы ПҚ БЖИ «Өрлеу» АҚФ психология ғылымдарының кандидаты, тұлғаның дамуы және психологиялық кеңес беру «Сократ» орталығы мамандары, қала мектептерінің, «Нұр Орда» ҚТЛ тәжірибелі психологтары, сонымен қатар «Нұр Бағдар» ЖШС психолог-кеңесші маманы шақырылды.
Семинарда психологиялық қызмет жұмысының елеулі бағыттарының бірі – оқушылардың өзін-өзі кәсіби анықтауын қолдаудың көкейтесті мәселелері талқыланады.
Тұлғаның ішкі ортасы, оның белсенділігі, өзін-өзі іске асыруға қажеттілік, ересек өмірге өтуге «психологиялық дайындығы» маңызды кәсіби даму факторы болып табылады. Осыған орай, тұлғаның кәсіби өзін-өзі анықтауында елеулі рөлді мектеп психологтары атқарады.
Жарыссөзге қатысушылар жасөспірімдерге кәсіби бағдар беру бойынша өздерінің мол тәжірибесімен бөлісті. Семинарда болашақ мамандықты таңдауда кәсіби бағдарды анықтау диагностикаларының рөлі, мамандық таңдауда, бірінші кезекте, жоғары сынып оқушыларының бойындағы қабілеттері, қызығушылықтары және тұлғалық ерекшеліктерін ескерудің маңыздылығына баса назар аударылды, сонымен қатар педагог-психолог өз тұлғасын оқушының күйзеліске қарсы табандылығын және сенімін орнатуда табысты модель ретінде қалыптастыру бойынша ұсыныстар берілді. Шараға қатысушыларға тақырыпқа сәйкес үлестірмелі материалдар таратылды.
«12-жылдық білім беру жүйесін қолдау және ағылшын тілі» орталығының психологиялық қолдау кабинеті әдіскерлерінің «Үлгілі ата-ана мектебі» әдістемелік құралының тұсаукесер рәсімін өткізу семинар жұмысының негізгі шараларының бірі ретінде жүргізілді.
Қала мектептерінің педагогтары мен психологтары өткізілген шара аясындазияткерлік, рухани дамуы және өзіндік жетілуі үшін пайдалы ақпараттар ала алады.