ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ мемлекеттік мекемесі

ҚАЛАЛЫҚ  БІЛІМ  БӨЛІМІ

 «№18 Н.Крупская атындағы орта мектеп», «Қалалық лицей», «Үш тілде оқытатын  мамандандырылған №30 мектеп-гимназиясы», «Б.Нсанбаев атындағы  орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемелері бойынша

бос   директорлық лауазымына  байқау  жариялайды

 лауазымдық  міндеттері: Білім беру ұйымын оның Жарғысына және басқа нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқару; қоғамдық  ұйымдармен, оқу орындарының кеңесімен  бірлесіп бағдарлама және оқу жоспарларын, оқу процесінің күнтізбе кестесін, ішкі тәртіп ережесін және басқа да нормативтік актілерді ұйымдастыру және бекіту; білім беру ұйымының басқару құрылымын,штаттық кестесін, лауазымдық міндеттерін бекіту; білім беру қызметін лицензиясы бойынша құқығына сәйкес жүргізу; бекітілген учаскедегі балаларды заңына сәйкес жалпы міндетті оқытумен қамтамасыз ету;оқу-тәрбие процесін ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын ұйымдастыру және жетілдіру; жалпы тамақтандыру мен медициналық ұйымдардың жұмыстары үшін қажетті жағдайлар жасау  және оқушылардың, тәрбиешілер мен қызметкерлердің денсаулығын сақтау мен нығайту мақсатында олардың жұмысын бақылау; оқу-тәрбие беру процесінің әдістемелік қамтамасыз етілуін дамыту және ұйымдастыру; оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастыру және әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету; жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан шыққан тәрбиеленушілердің заңды құқығы мен мүдделерін (жеке,мүліктік,баспаналық, еңбек және басқа да) қорғау, олардың туысқандық байланысын қолдай отырып, оларға жағдай жасау; белгіленген заңнама негізінде білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына басшылық ету, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есебін беру, нормативтік талаптарға сәйкес есеп жүргізу, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз ету, ішкі еңбек тәртібі ережесін, санитарлық-гигеналық режимді, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау үшін жауап беру;педагог кадрларды және қосымша қызметшілерді іріктеу және жұмысқа тартуды жүзеге асыру; педагогикалық кеңесті басқару; жұртшылықпен, ата-аналармен (немесе оларды алмастырушылармен) байланысты жүзеге асыру; қажетті есеп құжаттарын дайындауды және ұсынуды қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының бекітілген заңнамалары тәртібімен оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасау және білім мекемелерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық,әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске асыру, орындалуына жауап беру.

 Білуге  міндетті

         Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», Қазақстан Республикасындағы «Тіл туралы», Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары  туралы»,  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Неке және отбасы туралы», «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын-алу туралы» Заңдарын және басқа білім беру мәселесі жөнінде нормативтік құқықтық актілерді, педагогиканы, педагогикалық психологияны, жас ерекшелік физиологиясын,балалар гигенасын, қазіргі заманғы педагогика-психологиялық ғылымның және практиканың жетістіктерін, әлеуметтану, экономика негізін, еңбек туралы заңнамаларды, білім беру ұйымдарының қаржы-шаруашылық жұмыстарының сұрақтарын, еңбек қорғаудың ережесі мен нормасын және техникалық қауіпсіздігі, кадрлық менеджмент  және қызметтік  этикасы.

 

    Қойылатын талаптар:

  - жоғары педагогикалық білім және педагогикалық жұмыс өтілі   кемінде  5 жыл, оның  ішінде  басшылық  лауазымдағы  жұмыс  өтілі   кемінде 1 жыл, шағын  жинақты  мектепте  педагогикалық  жұмыс  өтілі  кемінде  үш  жыл, басшылық лауазымдағы  жұмыс  өтілі  талап  етілмейді;

    Конкурсқа тапсыру үшін қажетті құжаттар:

  1. Білім беруді басқару органы басшысының атына тұрғылықты тіркеу орны, нақты тұратын жері, байланыс  телефондары  көрсетілген конкурсқа қатысуға  өтініш;
  2. нотариалды  куәландырылған жеке  тұлғаны  куәландыратын құжат  көшірмесі;
  3. нотариалды куәландырылған  білім туралы құжат  көшірмесі;
  4. нотариалды куәландырылған еңбек  кітапшасының  көшірмесі;
  5. бұрынғы жұмыс орны кадр қызметі куәландырған кадрды есепке алу жөніндегі жеке парақ;
  6. бар жазалар мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік  мінездеме;
  7. біліктілік  санаты немесе ғылыми дәрежесі туралы құжаттың  көшірмесі;
  8.    медициналық куәландырудан өтуі туралы құжат (форма 86) ;
  9.  Соттылығының жоқ екені туралы анықтама;
  10. Мектепті  дамытудың  перспективалық  жоспары;

 

       Көрсетілген  құжаттардың  бірінің  болмауы құжаттарды  конкурсқа  қатысушыға  қайтару  үшін  негіз болып табылады.

      Конкурсқа  қатысушы , болған  жағдайда оның  біліміне, жұмыс  тәжірибесіне,  кәсіби  деңгейіне  қатысты қосымша  ақпаратты  (біліктілігін  арттыру,ғылыми дәреже мен атақ  беру, ғылыми  жарияланымдар  туралы  құжаттардың  көшірмелері, алдыңғы  жұмыс  орнындағы басшылық  берген ұсынымдар) ұсынады.

          Конкурсқа қатысу үшін  ұсынылған  құжаттардың  көшірмесі  нотариалды  немесе  жұмыс орнының  кадр  қызметімен  куәландырылады.

         Осы байқау Атырау қалалық білім бөлімінде өткізіледі.

         Ақпаратты нақтылау  үшін  байланыс телефоны: 354847, 321698.

         Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарының  басылымында («Атырау», «Прикаспийская  коммуна» газеттері) жарияланған күннен бастап жеті жұмыс  күні   ішінде мына мекен жайға тапсырылуы тиіс:

 Атырау қаласы, Азаттық даңғылы, 65а, Қалалық білім бөлімі.

Tags: