ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ мемлекеттік мекемесі
№31 «Балдаурен»балабақшасы, «№7 «Күншуақ» балабақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны директорлық лауазымына байқау жариялайды
Конкурс өткізілетін орны: Қалалық білім бөлімі, Азаттық,65а
Функционалдық міндеттері:
Білім беру қызметін жүргізу құқығы лицензиясына сәйкес мектепке дейінгі ұйымның қызметін басқарады. Тәрбиеленушілер құрамын құрып,олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді. Оқу-материалдық базаны есепке алу, сақтау және нығайту, санитарлық-гигеналық тәртіпті, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз етеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
Жоғары педагогикалық білімі және тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен біліктілік талаптарына сәйкес келетін кәсіби даярлық деңгейінің болуы, мектепке дейінгі ұйымдарының кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы;
ҚР Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке және отбасы туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетушілік қолдау туралы» заңдарын және білім беруді дамытудың бағыты мен перспективаларын белгілейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика және психология негіздерін, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын; педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практика жетістіктерін; экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы, еңбек туралы заңнаманы; еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, техника қауіпсіздігі мен өртке қарсы қорғау негіздерін, санитарлық ережелер мен нормаларды, дәрігерге дейінгі медициналық көмек негіздерін білу.
Конкурсқа тапсыру үшін қажетті құжаттар:
- Қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- Мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
- Еркін нысанда жазылған өмірбаян;
- Білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
- Еңбек кітапшасының көшірмесі;
- Белгіленген нысанда денсаулық жағдайы туралы анықтама;
- Жеке куәлігінің көшірмесі;
Азаматтық қызметке, басқару функцияларын атқарумен байланысты лауазымға тұру кезінде адам сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама ұсынады.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби дайындық деңгейіне (біліктілігін арттыру туралы, ғылыми дәреже мен атағын беру туралы, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелерін,сонымен қатар алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдарды және т.с.с.) қатысты қосымша ақпараттарды ұсына алады.
Конкурстық құжаттарды қабылдау жергілікті «Атырау» және «Прикаспийская коммуна» газеттерінде конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен он бес күнтізбелік күн аяқталғанға дейін жүргізіледі.
Конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу конкурсқа қатысуға рұқсат берілген тұлғалардың тізімі бекітілгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде «Қалалық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде өткізіледі.
Мекенжайы: Азаттық даңғылы,65а,телефон 321698