19-04-2018 (2)

2018 жылдың 19 сәуір күні қалалық білім бөлімінің жылдық жоспарына сай мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, жалпы орта білім беру ұйымдары, қосымша білім беру ұйымдарының психологтері арасында «Жылдың үздік

психологы» атты байқауы өткізілді.       

     «Жылдың үздік психологы»  байқауының басты  мақсаты - білім беру ұйымдардағы  шығармашылықпен жұмыс жасайтын, кәсіби педагогикалық шеберлікті игерген, кәсіптік біліктілігін көрсете  алатын психологтерді анықтау, қолдау және мадақтау (ынталандыру), іскерлік шеберліктерін

  арттыру. Байқаудың қазылар алқасының шешімі негізінде:

                                                         Бас жүлде

1.Жалпы білім беретін №9 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп психологы-Какимова Индира Пшенбаевна;

                                                Бірінші орын                                        

1. МКҚК №59 «Ақбөбек» балабақша психологы-Жумашева Гаухар Мухушевна;

                                                          Екінші орын

1. Жалпы білім беретін М.Өтемісов  атындағы орта мектеп психологы-Нурханова Гулжан Темирхановна;

                                                            Үшінші орын

1. Жалпы білім беретін №12 Ф.Досымова атындағы орта мектеп психологы – Бисикенова Перизат Жомартқызы марапатталды.