19-04-2018

2018 жылдың 17 сәуірінде №17 Атырау қалалық лицей базасында қалалық ішкі саясат бөлімінің бастамасымен діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын насихаттау, психолог мамандарға оқушы жастармен жұмыс жүргізу кезінде практикалық көмек беру мақсатында «Жастарды жат ағымдардан қалай сақтап қаламыз» тақырыбындағы семинар-тренинг өткізілді. Семинар – тренинг мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде "Жантану мәселелері – Вопросы психологии" республикалық ғылыми-әдістемелік, психологиялық журналы және "Дефектология" республикалық ғылыми-әдістемелік, педагогикалық-психологиялық журналының Бас редакторы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің аға оқытушысы, психология ғылымдарының кандидаты Н.Ү.Бегалиеваның қатысуымен өтті. Аталған шараға білім бөліміне қарасты жалпы білім беретін 57 орта мектептен барлығы 97 педагог-психолог мамандар қатысып біліктілігін арттырды.