23.02.2018










Қалалық білім бөлімінің әдіскері Л.Тулепова алғы сөзді алып «Психология саласындағы үздік идеялар» туралы айтып, ондағы балалардың психологиялық дамуында қолданылатын жаңа инновациялық технологиялар мен терапиялар туралы жалпы мағұламаттар берді. «Жүрек теңіз, қызықтың бәрі асыл тас» тақырыпта №54 «Айгүл» балабақшасының педагог-психологі Ашабекова Алма жалпы ата-ана және педагогтармен жүргізілетін тренинтер туралы түсінік бере отырып, жалпы қарым-қатынасты нығайтатын тренинтер жүргізді.
Утегенова Қатипа №10 «Құлыншақ» балабақшасының педагог-психологі «Балалардың қорқынышын жеңуге көмектесу жолдары» тақырыбында арт терапия, қуыршақ терапия, маска терапияларды қолдана отырып, балалардың қорқынышын қалай жеңуге болатыны туралы бірнеше жаттығуларды ойната отырып, психологтардың өз ойларында тыңдай білді.
Қодарова Гулшат «Алтын сақа» балабақшасының педагог-психологі өз шебер сыныбында жаңа терминмен таныстырды. «Метафорлық ассоциати карта-психолог құралы» мен қалай жұмыс жасауға болатынын соның ішінде балаларға көбіне «Аниби» карта қолдануға болатынын атап көрсетті. Сонымен қатар, «Персонита» «Экко» деген карталармен психологтарды таныстырып, олармен жұмыс жасау технологияларын түсіндірді. Жалпы бұл карталармен жұмыс жасау үшін алдын-ала арнайы курстан өту қажет екені айтылды.