Қалалық кәсіби шеберлік байқауары

Бүкіл әлем бойынша кәсіби даярлық пен біліктілік стандарттарының дәрежесінің жоғарылауы мен жұмыс мамандықтарын жандандыру мақсатындаҚР Білім және ғылым министрлігінің “Техникалық және кәсіптік білім берудің 2014-2016 жылдарында даму бағытын іске асыру шараларының жоспарымен, World Skills International халықаралық ұйымына Қазақстан Республикасының қатысуына сайқалалық кәсіби шеберлік байқаулары өткізілді.

2015 жылдың 16 ақпан айында Астана қаласының Білім басқармасы «Техникалық колледжі» МКҚК базасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Токарлық іс» қалалық кәсіби шеберлік байқауын өткізді. «Токарлық іс» қалалық кәсіби шеберлік байқауы токарь жұмысшы мамандығының беделін арттыру, республикалық деңгейде қатысатын үздік үміткерді анықтау мақсатында өткізілді. Байқауға Астана қаласы әкімдігінің «Техникалық колледжі» МКҚК және «Кәсіптік-техникалық колледжі» ҚММ барлығы 4 студент қатысты. Байқаудың қорытындысы бойынша: І орын - Астана қаласы әкімдігінің «Кәсіптік-техникалық колледжі» ҚММ І курс студенті - Калашник Артем; ІІ орын - Астана қаласы әкімдігінің «Техникалық колледжі» МКҚК І курс студенті - Мусин Аблайхан; ІІІ орын - Астана қаласы әкімдігінің «Техникалық колледжі» МКҚК Иванов Роман және Астана қаласы әкімдігінің «Кәсіптік-техникалық колледжі» ҚММ - Глушаков Петр.

Астана қаласы Білім басқармасы 2015 жылдың 17 ақпанында «Тұран-Профи» қалалық шаруашылық колледжінің қабырғасында техникалық және кәсіптік білім беру колледждері студенттерінің қатысуымен «Дәнекерлеу ісі» қалалық кәсіби шеберлік байқауын өткізді. «Дәнекерлеу ісі» қалалық кәсіби шеберлік байқауы болашақ мамандардың құзыреттілігін дамыту, тәжірибелік дағдылары мен техникалық мамандықтардың мәртебесін көтеруге ықпал жасауға бағытталды. Байқауға «Тұран-Профи» қалалық шаруашылық колледжі, «Көлік және коммуникация» колледжі, «Құрылыс-техникалық» колледжі, «Кәсіптік-техникалық колледж» және «КазАТК» колледждерінің студенттері қатысты. Қорытынды бойынша: І-орын Вайнбендер Вадим, ІІ-орын Адам Олег, ІІІ-орын Козин Дмитрий еншіленді.

Астана қаласы Білім басқармасының 2015 жылдың 18 ақпан айында «Астана қаласы Менеджмент және бизнес колледжі» ЖШС базасында «Шашатараз ісі» қалалық байқауы болып өтті. Байқаудың қатысушылары төмендегідей оқу орындары болып табылды:«Астана қаласы Менеджмент және бизнес колледжі», «Басқару» колледжі және Технологиялық колледжі. Аталған байқаудың негізгі мақсаттары: шаштараз мамандығының біліктілігін көтеру, үздік шаштаразшы-студенттерді анықтау, болашақ мамандардың жауапкершілігін арттыру, кәсіби шеберлігін арттыру, шаштараз қызметінің сапасын арттыру, шаштаразшы жұмысының біліктілігі мен әдістерін меңгерту. Жұмыс берушілердің назарын мамандарға аудару мақсатында әділқазы мүшелеріне төмендегідей «кәсіби стилисттер» шақыртылды: «Тамсан» салоны, «Батыс» сұлулық салоны, «Ellen» ЖШС, «Сая» салоны. Үздік студенттер «POLVERINI» шаштаразшылар академиясында оқуға грант жеңіп алады. Байқаудың аяқталуы бойынша жүлдегерлер 1,2,3 дәрежелі дипломдар мен сертификаттар алды. Байқаудың практикалық бөлімі үш номинация бойынша өткізілді: 1. Әйел адамдарға арналған моделді шаш қию және сәндеу (орташа ұзындықта); 2. Ер адамдарға арналған шаш қию. 3. Кешкі сәнді шаш. Сәнді безендіруді пайдалануға болады (постижден басқа). Оқу орындарының арасындағы байқау жеңімпаздары: 1 орын - «Менеджмент және бизнес колледжі»; 2 орын - Технологиялық колледжі; 3 орын – Басқару колледж. Қатысушылардың арасындағы байқау жеңімпаздары: 1 орын - Кирик Наталья, Менеджмент және бизнес колледжінің 3 курс студенттері , жетекшісі - Г.Н. Аппасова; 2 орын - Жумаханова Аида, Басқару колледжінің студенті , жетекшісі - А.Д. Бекжанова; 3 орын – Семакина Валерия, Технологиялық колледжінің студенті, жетекшісі – О.А. Бучинская.

Астана қаласы Білім басқармасының Политехникалық колледжі базасында 2015 жылдың 20 ақпанында «Сылақшылық және гипсокартондық жүйелер» қалалықкәсіби шеберлік байқауын өткізді. Байқау «Кнауф Гипс Капчагай» ЖШС және «Базис» ЖШС құрылыс компаниясының қолдауымен өтті. Байқаудың ашылу салтанадында «Базис» ЖШС құрылыс компаниясының қызметкерлермен жұмыс және ұйымдастыруды дамыту бойынша Вице-президенті - Камила Сериковна Толендиева, РҒӘО директоры - Олжас Хайруллаевич Куспеков және білім басқармасының КД және КО бөлімінің басшысы- Абай Барманкулович Курманкуловтар сөз сөйледі.

Байқауға Политехникалық колледждің стіденттерінен құралған 2 топ , Кәсіби-техникалық коллдж студенттерінен құралған 2 топ және Гуманитарлық-кәсіби колледж студенттерінен құралған 1 топ яғни жалпы 5 топ қатысты.

Әділ-қазы сарапшылары «Базис» ЖШС құрылыс компаниясының әрлеу жұмыстары бойынша сапасын бақылау бөлімінің басшысы - Кадырова Алма Туяковна мен «Базис» ЖШС құрылыс компаниясының әрлеу жұмыстары бойынша участке басшысы - Хмелев Юрий Валерьевич болды.

Байқаудың барлық кезеңдерінің қорытындысы бойынша төмендегідей көрсеткіштер бойынша (ұпаймен) топтарға орындар берілді:

1орын Кәсіби-техникалық коллдждің бірінші тобыны берілді;

2 орын Кәсіби-техникалық коллдждің екінші тобыны берілді;

3 орын Политехникалық коллдждің бірінші тобыны берілді.

Байқаудың «Үздік сылақшы» жеңімпазы - Даудерих Валерий Владимирович, Кәсіби-техникалық колледжінің студенті.

2015 жылы 19 ақпанда Гуманитарлық колледжде Ұлы Отан соғысының 70-жылдығын, Қазақстан Республикасының Конституциясының 20-жылдығы, Ассамлеяның 20-жылдығы және Қазақ хандығының 550-жылдығын мерекелеу шеңберінде белсенді азаматтық және патриоттық жастардың позициясының әрі қарай бағыттарын қалыптастыруын анықтау мақсатында «Абырой» жедел қызметтерінің республикалық қоғамдық бірлестігінің «Патриотизм, заң және құқықтық тәртіп академиясының» тұсаукесер-семинары өтті.

СеминарғаҚазақстан Республикасының қарулы күштерінің ардагерлері, «Нұр Отан» ХДП Астаналық қалалық филиалының өкілдері, Жастар маслихатының депутаттары, білім беру ұйымдарының қызметкерлері, елорданың жастары қатысты.

Семинарға қатысушылар жастардың рухани-патриоттық және құқықтық тәрбиесі бойынша ұсыныстар алды.

Tags: